21
февраль
2020
Алғашқы коңырау
ШҚО Аягөз қаласындағы №5 мектепте "Саналы ұрпақ -жарқын болашақ" тақырыбы аясында Сыңғырла күміс қоңырау атты алғашқы қоңырау салтанаты өтті. Кеш қонақтары аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Молдағалиұлы Нүкібаев мырза қатысты. Мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге ыстық лебізін білдірді. Мектеп директоры Айнұр Аулейсовна өткен жылдардан жетістіктер тізбесін жасап, марапат пен мақтаулар айтты. 1012 оқушы оқу жылын бастады.